Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Хабарландырулар > Жұбанов университеті бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Жұбанов университеті бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Экономикалық жоспарлау департаментінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары төменде көрсетілген.

Конкурсқа түйіндемені ұсынудың соңғы мерзімі — 2024 жылғы 16 сәуір. Түйіндемені amyrzekenova@zhubanov.edu.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз, тел. 8-775-721-62-91.

Міндеттері:

  • Департамент қызметіне жалпы басшылық жасау және департаментке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру;
  • Қоғамның бюджеттік өтінімдерін, Даму жоспарын және ұйымның даму жоспарының орындалуы туралы есепті, ұйыммен жүзеге асырылатын қызметтердің құнын қалыптастырады;
  • Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелеріне шаруашылық есеп, талдау және бақылауды жүзеге асырады;
  • Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректері негізінде Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау жүргізу, қаражатты тиімді пайдалану, жинақтау режимін дәйекті енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Өз құзыреті шегінде басшылық жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.

Талаптар:

  • Жоғары экономикалық білім, магистр дәрежесінің болуы
  • Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес
  • Салық, аудит, бухгалтерлік есеп және басқару есебінің негіздерін білу.
  • Нормативтік және заңнамалық құжаттарды білу.

Шарт:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу.
  • Сынақ мерзімі – 3 ай.