Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Орхун» алмасу бағдарламасы бойынша оқуға немесе ғылыми зерттеуге өтінім қабылдау басталды

«Орхун» алмасу бағдарламасы бойынша оқуға немесе ғылыми зерттеуге өтінім қабылдау басталды

«Орхун» — ол Түркі университеттері одағына мүше университеттер арасында студенттер мен оқытушылар құрамы алмасуды көздейтін академиялық алмасу бағдарламасы. «Орхун» алмасу бағдарламасына қатысты қосымша ақпарат алу үшін http://www.turkunib.org/en/orhun сайтына кіріңіз.

Құжаттарды қабылдау күнтізбесі:

Білім алушылар мен оқытушылар құрамы  арасында бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыру және жоғары оқу орындарында өтініштерді қабылдау 29.03.2024 – 30.04.2024

Келіп түскен өтініштерді қарастыру мен және Үйлестіруші университеттің нәтижелері туралы хабарлауы.

Үйлестіруші университет жоғары оқу орындар бойынша өтініштерді университеттер арасында таратуы.

02.05.2024-17.05.2024
Үйлестіруші университет байқау нәтижелерін хабарлауы және Үйлестіруші университеттің жалпы нәтижелерін жариялауы 25.05.2024

 

Өтінім қабылдау соңғы күні: 30.04.2024

Оқыту тілі: ағылшын және түрік.

Білім алушылардың ұтқырлық кезеңі: бір серіктес университетте бір семестр.

Оқытушылар құрамының ұтқырлық кезеңі: бір оқу жылы ішінде кемінде екі апта және ең көбі үш ай.

Өтінім беру үшін құжаттар:

Білім алушылар

  1. Student Information Form (Қосымша 1)
  2. Транскрипт (GPA баллы 5/4.00 кем болмауы тиіс)
  3. Ағылшын немесе түрік тілдерін меңгергендігі туралы халықаралық сертификат.

Оқытушылар құрамы:

  1. Academic Staff Information Form (Қосымша 2)
  2. Academic Staff Mobility Program (Қосымша 3)
  3. Ағылшын немесе түрік тілдерін меңгергендігі туралы халықаралық сертификат
  4. Бар болса ағылшын тіліндегі жарияланымдар, жобалар, дәрістер мен семинарлар тізімі.

Құжаттардың үлгілерін http://www.turkunib.org/en/orhun сайтынан таба аласыздар немесе Халықаралық ынтымақтастық департаменті Сіздердің эл.пошталарыңызға жібере алады.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

  • Білім алушылар оқу ақысын серіктес университетке төлемейді. Алайда оқу ақысын өзі түскен университетте төлеуді жалғастырады (егер олар ақылы бөлімнің студенттері болса).
  • Өтінім берген кезінде тек бір университет пен бір семестр таңдау керек.
  • Барлық құжаттар компьютерде ағылшын/түрік тілдерінде толтырылуы тиіс.
  • Бірінші және соңғы курста/семестрде оқитын студенттер (бакалавриат пен магистратура бағдарламаларында) «Орхун» бағдарламасына қатыса алмайды.
  • 2024-2025 оқу жылына арналған «Орхун» бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімін, білім беру бағдарламаларын және басқа шарттары (жатақхана мен тамақпен қамтамасыз ету) Excel кестеден қарай аласыз (Қосымша 4).

 Түркі кеңесі Түркі университеттері одағының (TURKUNIB) мүше университеттерінің тізімін мына сайттан табуға болады: http://turkunib.org/en/site/index/#member

  «Орхун» алмасу бағдарламасы туралы толық ақпарат немесе бағдарламасына қатысқысы келетін білім алушылар мен оқытушылар құрамы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің international@zhubanov.edu.kz эл.поштасына жазуға болады немесе http://www.turkunib.org/en/orhun сайтынан алуға болады.

 Құжаттарды бір файлда PDF форматында келесі пішінде жіберіңіз:1. Студенттер: Student_cтуденттің аты_тегі_Орхун_2024 (латын әліпбимен)2. Оқытушылар құрамы: Academics_oқытушының аты_тегі_Орхун_2024 (латын әліпбимен).PDF файлдарды бір пдф файлға бірігу үшін тегін онлайн бағдарламаны пайдалыңыз: https://www.ilovepdf.com/merge_pdf

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті