Суббота, Май 11, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өзбекстан Республикасының бас консулы университетке келді

Өзбекстан Республикасының бас консулы университетке келді

Жұбанов университетінің басшылығы Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Нодиржон Джурабай оглы Тургуновпен кездесті.

Өз кезегінде ректор Бауыржан Ердембеков Өзбекстан Республикасынан студенттер жыл сайын Жұбанов университетіне түсетінін атап өтті. Бүгінде Жұбанов университетінде аталған елден 900-ден астам студент оқиды. Ақтөбе өңірлік  университеті түрлі білім беру бағдарламалары мен сұранысқа ие мамандарды даярлауда мүмкіндіктер беріп отыр. Сондықтан елдер арасындағы жемісті ынтымақтастықты дамыту өте маңызды.  Бауыржан Ердембеков сонымен қатар Түркия мен Польша елдерінен үлгі алып, Өзбекстан Республикасында да қазақ тілін оқыту орталығын ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы бас консулы Нодиржон Тургунов жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, университет туралы алған әсерімен бөлісті. «Сіздің университетіңізде білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған, сонымен қатар барлық студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуі маңызды», — деді Н.Тургунов.

Консул Қазақстандағы жоғары оқу орындарының арасында Жұбанов университетінің сапалы білім беретін оқу ордасы екенін ерекше атап өтті.

Тараптар жемісті ынтымақтастық аясында қазақ диаспораларын, өзбек ұлттық орталығын, бірлескен ғылыми жұмыстарды және басқа жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендігін білдірді.