Суббота, Май 11, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Чернобыль ардагерлері бас қосты

Чернобыль ардагерлері бас қосты

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих факультетінің ғимаратында Чернобыль зардабын залалсыздандыруға қатысқан «Ақтөбе облысының Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен «Ерлікке тағзым» атты шара өтті.

Шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айбек Көпенов Чернобыль зардабын залалсыздандыруда қайсарлық пен қаһармандық танытқан белсенді ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

Сондай-ақ басқосуда Чернобыль апаты туралы мағлұматтар айтылып, жиналғандар естеліктерімен бөлісті.

Айта кету керек, осыдан 35 жыл бұрын, 1986 жылы Чернобыль апатының зардабын жоюға 800 мың адам, соның ішінде 32 мың қазақстандық қатысқан. Оның ішінде 2 мыңы — ақтөбелік. Қазіргі таңда олардан көзі тірі 220 адам бар.

 

Д.АЙДАР

/aqtobegazeti.kz/