Суббота, Май 11, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > «Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдаудың аяқталуына 4 күн қалды

«Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдаудың аяқталуына 4 күн қалды

Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламаларына түсуге өтінімдер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады.
«Болашақ» Халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу, Тәуелсіз сарапшылық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырыснда құжаттарды қарау.
Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2 негізгі құжатты ғана ұсынуы керек — «Болашақ» бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі кемінде B1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат.