Суббота, Май 11, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ректор сағаты: Болашақ педагогтарға арналды

Ректор сағаты: Болашақ педагогтарға арналды

Бүгін «Ректор сағаты» педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттеріне өткізілді.
Кездесуде университет ректоры Лаура Қарабасова мемлекет тарапынан әркез жастарға қолдау бар екенін атап өтіп, педагог мәртебесін арттыруда елімізде көптеген жобалардың жүзеге асып жатқанына тоқталды.

«Бүгінде педагог қызметінің маңыздылығы және оның өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілігі айтарлықтай артты. Сондықтан сіздер жаңа білім мен дағдыларды игеріп, білімдеріңізді үнемі жетілдіріп отыруларыңыз қажет. Бұл сіздердің болашақтарыңыз үшін маңызды. Болашақ педагог ретінде тәрбие,саналылық,азаматтық позиция да сізден басталады», — деді ректор. Сонымен қатар оқу орнының басшысы студенттерге «Болашақ» бағдарламасының артықшылықтары, қарым-қатынас жасау алгоритмі, әлеуметтік желілердегі ақпарат қауіпсіздігі, ғылымды дамыту, ағылшын тілін меңгеру, өндірістік тәжірибенің тиімділігін арттыру мәселесі бойынша айтты. Университет әркез ашықтық саясатын ұстанатынын, оқу орны білім алушыларын қолдауға дайын екенін жеткізді.

Басқосуға қатысқан педагогика факультетінің 4-курс студенттері оқу орнының басшысына өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова болашақта оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу барысында ұлттық біліктілік тестілеуді тапсырудың маңыздылығы, үздік дипломға үміткерлерге қойылатын талаптар, диплом жазу үлгісі жайында студенттердің сауалдарына жауап берді.

Университет басшысы кездесу барысында айтылған ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын жеткізді.