Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > Жастар саясаты (Страница 23)

Қаланың дарынды жастары марапатталды

«Ақтөбе дарыны - 2019» атты жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Қала әкмі Мавр Абдуллин жеңімпаздарды марапаттады. Дарындылардың қатарында жыл стуленті, жыл спортшысы, жылдың үздің мұғалімі белгілі болды.  Жастардың өз дарыны мен шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беретін байқау басқаларды ынталандырады. Қаламыздың білім ошақтары арасында 7 номинация бойынша үздіктерді іріктеді. -«Ақтөбе Дарыны-2019» байқауының негізгі көздейтін мақсаты

Көбірек

Айбек Италияға барады

Ақтөбелік спортшы Айбек Қамзенов Қазақстан Республикасының Х жазғы универсиадасында суда жүзуден жеңімпаз атанып, Италия елінің Неаполь қаласында өтетін бүкіләлемдік жарысқа жолдама алды. Спортшы бүгінге дейін көптеген жарыстарда топ жарып, жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Суда жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасы ашық чемпионатының жеңімпазы, Болгария елінің София қаласында өткен Болгария ашық

Көбірек

Университет студенті «Академия жұлдызы» медалімен марапатталды

Ағымдағы жылдың сәуір айының 19-22 аралығында Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы, «Самғау» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы, «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры Республикалық және халықаралық деңгейде «Көктемгі от шашу» тақырыбында  көркемөнер байқауын ұйымдастырған болатын. Аталмыш шараға Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері қатысты. Байқау нәтижесінде университеттің «Дизайн»

Көбірек

Биыл 177 студент облыс әкімінің стипендиясын алады

Биыл ақтөбелік 177 студент облыс әкімінің стипендиясын алады. Бір реттік шәкіртақының көлемі жоғары оқу орындарының студенттері үшін 160 мың теңгеден. Ал кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттеріне 80 мың теңгеден. Былтыр облыс әкімінің стипендиясына 350 үміткер құжат тапсырған. 156 студент қана шәкіртақыны алған. Үздіктердің бірі Ақылбек Қонысов Жұбанов университетін

Көбірек

Жұбанов университеті Х-шы жазғы республикалық универсиаданың ашылуына қатысты

Бүгін Ақтөбеде алғаш рет Қазақстан Республикасының Х-шы жазғы Универсиадасының ашылуы өтті. Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған шара  14 спорт түрінен өтпек. Универсиаданың ашылу салтанатына еліміздің 60-қа жуық жоғары оқу орындары, оның ішінде Жұбанов университеті де қатысты. Аталмыш шараға облыс әкімі Ондасын Оразалин, Қазақ спорт және туризм академиясының

Көбірек

Жұбанов студенттері Түркі әлемі ынтымақтастық саммитіне қатысты

Анкара Хаджы Байрам Вэли Университеті Түрік мәдени қоры академиясының ұйымдастыруымен Түркі әлемі ынтымақтастық саммиті болып өтті. Аталмыш саммитке Жұбанов университетінің  студенттері Айбану Байнақ, Асау Қайрат, Қазбек Жолдасов қатысты. Саммитінің ашылу салтанатында TÜRKSOY қорының өкілдері, ҚР Түркиядағы Бас Елшісі Абзал Сапарбекұлы, «Түрік оджаклары» басшысы және аталмыш университет профессорлары сөз сөйледі. Ғалымдар өз

Көбірек

Біз асыға күтетін мереке

Биыл Ақтөбедегі ең алғашқы құрылған орталықтардың бірі — «Возрождение» неміс ұлттық-мәдени орталығына 27 жыл. Облыстағы неміс ұлтының өкілдерінің басын біріктіріп, мереке күндері түрлі шаралар ұйымдастырып тұру үшін құрылған орталық құрамында жүздеген неміс ұлтының өкілі бар. Ал Ақтөбе облысы бойынша олардың саны — 5 508 адам. Аса ұқыпты, іске де, сөзге де тиянақты,

Көбірек

Startup бизнес-жобалар байқауы мәресіне жетті

Жұбанов университетінде үш күнге созылған  Ұлттық «Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар байқауының өңірлік іріктеу кезеңінің нәтижесі жарияланып, жабылу салтанаты өтті. Байқаудың тақырыбына шектеу қойылмаған, оған  16-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер қатысты. Ақтөбе облысында байқауға қатысуға шамамен 500 өтінім жиналды. Бүгінгі күні университет студенттері, колледждер, мектептер, аудандар мен дербес қатысушылардың 74

Көбірек

«Startup Bolashak – Менің арманым» екінші күн

Бүгін Жұбанов университетінде «Startup Bolashak – Менің арманым» стартап-жобалар байқауының облыстық іріктеу кезеңінің екінші күні өтті. «Менің арманым» байқауын өткізудің басты мақсаты -  өмір сапасын арттыруға бағытталған, қоғамдық маңызы бар, алдыңғы қатарлы білім алудың арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне технологияларды енгізуге негізделген жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау. Байқауға қатысушылар алдымен университеттің иИнновациялар

Көбірек