Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Бірлік берекеге бастайды

Бірлік берекеге бастайды

Дмитрий МАЦЮК,
философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ҚХА және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын онлайн режимде көрдім.

Президент өз сөзінде су тасқыны кезінде үлес қосқан Ассамблея мүшелерінің еңбегін ерекше атап өтті. Атап айтқанда, гуманитарлық көмек жинауға этномәдени бірлестіктердің 12 мың еріктісі атсалысқан. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Ассамблея мүшелері, шын мәнінде, бірлік пен келісім сияқты құндылықтардың белсенді насихатшысы бола алатынын көрсетті.

Ассамблеяның бірқатар жобасының арқасында былтыр тұрмысы төмен адамдарға 1,7 миллиард теңге көлеміндегі көмек берілген. Бұл нақтылы көмектің көрсеткіші екені даусыз.

Жалпы, Ассамблея ту еткен бірлік пен достық — мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екені белгілі. Алдағы 2025 жылда жоғарыда аталған ұғымдарды берік ұстанған орган — Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толмақ. Осы атаулы датаны ел болып лайықты деңгейде атап өтеміз деп ойлаймын. Ең бастысы, ортақ Отанымыз — Қазақстанымыз өсіп-өркендей беруі үшін бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тұтастығымызды сақтауымыз керек. Сонда ғана кез келген қиындықты еңсеріп, дамыған елдердің қатарына қосылатынымыз анық.

//aqtobegazeti.kz/