Понедельник, Апрель 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > АҚШ профессоры қонақ дәрісін өткізді

АҚШ профессоры қонақ дәрісін өткізді

Жұбанов университетінің профессор-оқытушылары мен білім алушыларына ғылым айы аясында АҚШ профессоры, доктор Стивен Прат «Қазақстанда ауыл туризмін дамыту» тақырыбында онлайн қонақ дәрісін өткізді.

Доктор Стивен Пратт — Орталық Флорида Университетінің Rosen College of Hospitality Management колледжінің туристік іс-шаралары мен көрікті орындары кафедрасының профессоры. Танымал “The Travel Professors” YouTube арнасын жасаушылардың бірі.

Дәріс барысында профессор ғылыми зерттеу бағыттары, оның ішінде туризмнің тұрақты дамуы, шағын арал мемлекеттеріндегі туризм және кино туризмі саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Дәріс ағылшын тілінде өтті. Қатысушылар шетелдік ғалымға туризмді тұрақты дамыту және ғылыми зерттеу әдістері бойынша сұрақтар қойды.

Айта кетейік, Доктор Пратт көптеген журналдардың редакциялық алқаларының құрамында және Халықаралық туризм экономикасы қауымдастығы жұмысына қатысады. Туризм және қонақ үй бизнесі саласында білім берудегі халықаралық шеберлік орталығының директоры.