Четверг, Май 16, 2024
Басты > 2017 > Сентябрь (Страница 7)

Жұбановтар ұрпағымен өткен тағылымды кездесу

Мұғалжар ауданы күндеріне орай университетіміздің мәжіліс залында Жұбанов ұрпақтарымен кездесу өтті. Кездесуге университет басшылығы өкілдері мен профессор-оқытушылық құрамы, студенттер қатысты.   Кездесу барысында асылдың тұяғы, филология ғылымдарының кандидаты Ардақ Жұбанова, еңбек ардагері Мариям Сейтқамалова, Жұбановтардың немере қарындастары Дариға Бекниязова мен Жанат Жәнібекова, Жұбановтардың жиен келіндері Майра Боранбаевалар сөз сөйлеп, өздерінің естеліктерімен бөлісті.   Сондай-ақ,

Көбірек

Жұбановтар әлемі өнеге

Мұғалжар ауданы күндеріне орай Жұбанов университетінде Ембі қаласы ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейінің «Туған өлкенің қос жұлдызы» жылжымалы көрмесі, Мұғалжар өлкесінің қылқалам өнер шебері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, өнер кафедрасының доценті Жәнібек Есенғұловтың қылқалам туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Музей директоры Ұлболсын Керейқызының айтуынша, көрмеге Ахмет Жұбановтың ерлер костюмі - прагы, гастрольдік сапарлармен жүрген

Көбірек

Құдайберген Жұбанов рухына тағзым

14-16 қыркүйек күндері аралығында "Туған жерім-Нұрлы елім" акциясы аясында Ақтөбе облысының 85 жылдығы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталған Мұғалжар ауданы күндері өтуде. Бұл шараның университетіміз үшін маңыздылығы өте зор. Олай дейтініміз, Университет есімін иеленген тұңғыш лингвист-ғалым, ұлт ұстазы Құдайберген Қуанұлы Жұбанов талай сырды қойнауына бүккен

Көбірек

Университеттің бас ғимаратында кітап көрмесі басталды

2017 жылдың 13 қыркүйек күні Жұбанов Университетінің Ғылыми кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты екі аптаға созылған кітап көрмесі басталды. Аталмыш көрмені университеттің профессорлық-оқытушылқ құрамы мен студенттер тамашалады. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Қалың елім қазағым», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауы, «Стратегия - 2050» еңбектері қойылды. Сонымен қатар, көрмеде «Мәдени мұра» бағдарламасы

Көбірек

Апта пікірі

Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды. Тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Еліміз егемендігіне қол жеткізген ширек ғасырлық қысқа уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білді.

Көбірек

Жұбанов Университеті студенттері Уфа қаласында

Жұбанов Университеті техникалық факультеті  «Мұнай газ ісі» мамандығының төрт студенті халықаралық академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік серіктес жоғары оқу орны Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетіне (Башқұртстан Республикасы, Уфа қ.) 1 семестр мерзіміне білім алуға мүмкіндік алды. Уфа мұнай техникалық мемлекеттік университеті Ресей Федерациясының мұнай-газ саласындағы ірі тірек жоғары оқу орны болып

Көбірек

Ригада білім алатын болды

Халықаралық ынтымақтастық меморандумы аясында Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ «Қаржы» мамандығының студенті Карина Ордина халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік серіктес жоғары оқу орны Балтық халықаралық академиясынан (Латвия, Рига қ.) 1 семестр оқу мерзімге шақыру қағазын алды. Балтық халықаралық академиясы Балтық елдерінде және Солтүстік Еуропадағы ең ірі жоғары оқу орны болып табылады.  

Көбірек

Қырғызстан Республикасынан студенттер келді

Жұбанов Университеті мен Қырғызстан Республикасы Ош мемлекеттік университеті арасында студент алмасу бағдарламасына орай 2017 – 2018 оқу жылында халықаралық академиялық ұтқырлық жүзеге асырылды. Ош мемлекеттік университетінің екі студенті "Аударма ісі" мамандығы бойынша 1 семестр оқу мерзімі бойынша  білімін толықтыру үшін университетімізге келді. Келесі семестрде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің

Көбірек

Жұбанов Университеті студенттері Орынбор қаласындағы ІІ Халықаралық жазғы мектепке қатысуда

2017 жылдың 11 қыркүйегінде Орынбор мемлекеттік университетінде (РФ, Оренбург қ.) шетелдік студенттерге арналған ІІ Халықаралық жазғы мектеп жұмысын бастады. Аталмыш халықаралық деңгейдегі мектепке Жапония және Германия студенттерімен бірге университетіміздің студенттері де қатысуда. Алдағы аптада кең көлемде білім беру бағдарламасы жоспарланған. Күн сайын қатысушыларға Орынбор университеті оқытушылары әртүрлі пәндерден ағылшын тілінде дәріс

Көбірек