Суббота, Декабрь 14, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов Университеті 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдады

Жұбанов Университеті 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдады

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің №2 Спорт кешенінде 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдауға арналған мерекелік шарасы өтті. Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аталмыш шараны университеттің  Әлеуметтік мәселелер және жастар саясатының департаменті ұйымдастырды.

Кеш жүргізушісі «Құрметті халайық! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес Ақтөбе өңірінде тарих, мәдениет, спортты дамытуға арналған игі бастамалар  облыс әкімінің басшылығымен  жүргізіліп оң нәтижесін беріп келеді. Салынған ірі құрылыстар, алып ғимараттар Ақтөбені көркейте түсуде.  Әрине, оның бәрі – жастар үшін жасалынған игі істер», — деп,  университет  ректоры, профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы бастаған университет проректорларын және профессор оқытушыларымызды, университет белсенділерін қызыл кілеммен  сахна төріне шақырды.

Алдымен сахнаға алғашқы  құттықтау  сөз  және студенттік билетті тапсыру рәсімін жасау үшін  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  ректоры  Бауыржан Аманкелдіұлы шықты.  Одан соң салтанатты түрде  сынақ кітапшасын (студенттік билеті) қабылдауға Өзбекстан Республикасының азаматы, 1-курс студенті Даминов Бехзод шақырылды. Сынақ кітапшасын қабылдаған Бехзод Даминов сөз сөйлеп, университет басшылығына алғысын жеткізіп, қатарластарына сәттілік тіледі.

Шара барысында университет ректоры ең үздік студенттерге (9 студент) медаль тағып,  «Ақтөбе – құтты мекен» форумы аясында өткен «Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми-практикалық конференциясында белсенділік танытқан студенттерімізді марапаттады.

Нұрланбек Бүркіттің сөзіне жазылған,  Орал-Қосай Байсеңгірдің  «Жасай бер,  Жұбанов – білім ордасы» әні шырқалды.  Одан соң Оқу үздігі,  Экспо-2017 халықаралық  көрмесінің үздік апта  волонтер атағын иеленген, «Тайбурыл» шәкіртақысының иегері университетіміздің  белсенді 4-курс студенті  Ақәділ Жаңабаев  ант қабылдады. Студенттік ректор Әділбек Бертілеуов сынақ кітапшасын (студенттік билеті)  жоғары көтерген кезде алаңдағы жастар флешмобы көрсетілді.

Сондай-ақ, салтанатты шарада  лоторея ұтыстары да ойнатылып, университет  жігіттерінен құралған бишілер, «Промтех» жайдарман тобы өнер көрсетті.

Cалтанатты шарада облыстық маслихат депутаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов және Орал-Қосай Байсеңгір, Дулат-Рита Айтжановтар сынды  өнерпаздар әннен шашу шашты.

источник

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.