Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мен Назарбаев университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мен Назарбаев университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады

Бұл жөнінде бізге Астанадан Ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің ди⁠ректоры Берікхан Ісбек хабарлады.  Жұбанов университетінің бір топ ғалымдарынан құралған делегациясы қазір Назарбаев университетінде іс-сапарда жүр. «Назарбаев Университеті» автономдық білім беру мекемесімен арада орнатылмақшы ынтымақтастық байланыс еліміздің батыс өңіріндегі ірі оқу орны — Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ үшін өте маңызды.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін екі жоғары оқу орны бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыра алады,  сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағыттары бойынша PhD докторанттармен өзара алмасу және оларды оқу тәжірибесінен өткізу мақсаты да қойылып отыр.  Меморандум жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін жетілдіруге де септігін тигізбек. Назарбаев университетінде өтетін курстарға қатысу тегін жүргізілмек.

Бүгін  Жұбанов университеті делегациясымен  Назарбаев университеті вице –президенті Қадиша Даирова кездесіп, жоғары білім беру мектебі бойынша тәжірибе алмасты.

Аталмыш оқу мекемелерінің ынтымақтастық стратегиялары екі тарапқа да сапалы және тың өзгерістер енгізетінене  сенім бар.

                                                                               Гүлнара Дауылбайқызы