Среда, Май 8, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тағлымы мол басқосу

Тағлымы мол басқосу

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жұбанов университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің қатысуымен «Профессор Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасының өміршеңдігі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шарада жұбановтанушы ғалымдар Нұрбол Садуақас, Ардақ Жұбанова, Əлия Ұлықпановалар Қ.Жұбанов еңбектерінің ғылыми құндылығы туралы тереңнен толғап, жас ұрпақтың санасына сіңірерлік патриотттық тақырыпта сөз қозғады.

Мұғалжар ауданы «Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық мұражайының директоры Ұлболсын Мухамбетованың ұйымдастыруымен Мұғалжар ауданындағы жас жұбановтанушылар арасында өткен ғылыми жобалар байқауынан үздік шыққан мектеп оқушылары Борис Назерке мен Алтай Əлішер де баяндамаларын жасады. Болашақ филолог боламын деп үкілі үмітпен отырған жас өрендер мен олардың жетекшілерін біздің университет басшылығы жəне облыстық тарихи-өлкетану мұражайы да марапаттады. Музей директорының орынбасары, университет түлегі Арман Ержанов та Қ.Жұбановтың қолымен жазылған құнды мұраларының бір парасы құнды экспонат ретінде қасиетті шаңырақта сақтаулы тұрғандығын атап өтті.

Тағылымы мол сағатқа Жұбанов университетінің «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері де ғибратты әңгіме тыңдап, көкіректеріне ой түйді.

Бұл шараға Жұбановтар мұрасын насихаттау мақсатындағы ұрпақтар сабақтастығының жұмыла жасаған қызметін танытарлық басқосу болды.