Пятница, Май 17, 2024
Басты > admin (Страница 42)

Кәсіби бағдар жұмыстары барысында меморандумға қол қойылды

Университеттің  кезекті кәсіби бағдар жұмыстары облыс орталығынан алыс Ырғыз, Әйтеке би аудандарында өтті. «Кәсіби бағдар беру және дайындық курсын жүргізу» бөлімі  ұйымдастырған бұл сапар екі күнге созылды. Болашақ мектеп бітірушілермен кездесу Ырғыз ауданынан басталып, Әйтеке би ауданының орталығы мен осы ауданға қарасты Қарабұтақ селосында қорытындыланды.  Кәсіби бағдар алуға екі ауданнан

Көбірек

Құрметті оқытушылар!

Университетіміздің Бас ғимаратының Ғылыми кітапханасының электрондық залында: 22 қараша күні «Жаратылыстану» факультетіне; 24 қараша күні «Педагогика» және «Шығармашылық» факультеттеріне. Университетіміздің №6 ғимараты кітапханасында: 22-24 қараша аралығында «Филология» факультетіне; 4-6 желтоқсан аралығында «Шетел тілі» факультетіне. Университетіміздің №5 ғимараты кітапханасында: 21-23 қараша аралығында «Экономика және құқық» факультетіне. Университетіміздің №3 ғимараты кітапханасында: 20-24 қараша аралығында «Техникалық»

Көбірек

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының 23-26 қараша күндерінің репертуары

Күні Қойылымның авторы, атауы, жанры Уақыты 23.11.2017 бейсенбі ПРЕМЬЕРА! Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Нарқыз» тарихи драмасы (қазақ труппасы) 19:00 24.11.2017 жұма Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясы (қазақ труппасы) 12:00; 14:00 25.11.2017 сенбі Тахауи Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы 12:00 Дулат Исабековтің «Ескерткіш операциясы» комедиясы (қазақ труппасы) 16:00 26.11.2017 жексенбі Федор Достоевскийдің  «Дядюшкин сон» қойылымы 12:00 Нил Саймонның «Дураки» комедиясы (орыс труппасы) 16:00  

Көбірек

Университет профессоры, суретші М.Жақсығаринаның экслибристері әлемдік каталогқа енді

Жуырда «Дизайн» кафедрасының профессоры Жақсығарина Мәрзия Жұмашқызының екі экслибрисі  «Заманауи кітап белгісі» - «Contemporary bookplate»  атты жеке альбом-каталогқа енді. Альбом-каталогқа әлемдік есімге ие 41 суретшілер мен коллекционерлердің еңбектері таңдалған. Жобаның авторы Валентина Молибоженко Валентина алдына экслибрис өнерін жоғары баспаның бірегей техникасында жасалған кіші графика туындылары ретінде дәріптеу,  суретшілерді экслибристерді жасауға

Көбірек

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Қазақстанда  республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал

Көбірек

Әдістемелік апталық қорытындыланды

13–17 қараша аралығында университетте оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен әдістемелік апталық өткізілді. Шара мақсаты – оқытушылар арасында заманауи әдіс тәсілдерді қолдану бойынша оқытушылар арасында тәжірибе алмасу және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдарына байланысты әдістерімен  бөлісу.  Әдістемелік апталығы «Студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру – сапалы білім кепілі» деген жалпы тақырыппен аталды. Жоспарланған шаралар

Көбірек

«Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылды

Жақында Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филиалы ашылды. Кафедра филиалын құрудағы басты мақсат – кәсіби мамандар дайындауда өндіріспен байланысты нығайту, тәжірибе алмасу. Филиалдың ашылуында сөйлеген сөзінде «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Мира Балтымова кафедра тарихына шолу жасап, оқу-әдістемелік бағыттағы жұмыстардың жай-жапсарына тоқталды.  Сондай-ақ кафедра филиалымен жұмыс жасау ережесімен

Көбірек

Жұбанов жастары Қытайда үздік өнер көрсетті

Қытай Халық Республикасының мәдениеті күндері аясында өткен халықаралық жарысқа Жұбанов университетінің студенттері қатысып, «Ең үздік өнер» номинациясын иеленді. Олар қазір академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Синьцзян қаржы экономикалық университетінде оқып жатыр. Өнерлі жастар жарыста қытайлықтардың  «Тайцзицюань» деп аталатын сауықтыру жаттығуын тамаша орындап шықты. Жауынгерлік рухта көрсетілетін бұл өнер қытайлықтар арасында кең танымал.

Көбірек

«Корей тілі» орталығы жұмысын бастады

Университетте Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы «Tongmyong» университетімен бірлестікте ашылған «Корей тілі» орталығы корей тілінің курстық сабақтарын бастады. «Корей тіл» орталығында корей тілі сабақтарымен қатар, каллиграфия, корей тағамдарын дайындап үйрену, дәстүрлі қолөнер  және т.б. қосымша мәдени сабақ түрлері өткізіледі. «Корей тілі» орталығы Корей тілінің негіздерінен бастап, халықаралық стандарттарға сәйкес тілді еркін игеруге

Көбірек