Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сенбі күнгі көңілді демалыс

Сенбі күнгі көңілді демалыс

 

Өткен сенбіде Жұбанов университеті ұжымы «Береке» демалыс орнында ескі жаңа жыл қарсаңында көңілді демалып келді. Университет ректоры Бауыржан Ердембеков бастап барған оқытушы-профессорлар, қызметкерлер құрамы футболдан, коньки мен шаңғы тебуден, аққала жасау бойынша жарыстарға қатысып, табиғат аясында дене сергітті. Жарыс жеңімпаздары атанған командаларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.