Вторник, Апрель 30, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаратылыстану ғылымының өзекті мәселелері талқыланды

Жаратылыстану ғылымының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде ғылым айы аясында «Фармацевтика, мұнай өнеркәсібі, экология, био және нанотехнология функционалдық полимерлер үшін жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Халықаралық жиында отандық және шетелдік ғалымдар бас қосты. Олардың қатарында Рединг университетінің Фармация мектебінің профессоры Виталий Хуторянский, Беларусь мемлекеттік университетінің Жоғары молекулалық қосылыстар кафедрасының меңгерушісі Сергей Костюк, ҚР Президенті Аппараты жанындағы Жобалау тобының маманы Ирина Мун, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының полимерлер физикасы химия институтының зертхана меңгерушісі, профессор Абдумуталиб Атаханов және Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Назарбаев университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жұбанов университетінің ғалымдары бар.

Конференция барысында ғалымдар фармацевтика, ауыл шаруашылығы, мұнай өнеркәсібін дамыту, жаһандық климаттың өзгеруі және оның әсері, су секторы бойынша негізгі проблемалар және басқа да экологиялық жағдайлардың алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Конференция жұмысы түрлі секцияларда екі күнге жалғасады.