Среда, Май 1, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттердің өндірістік тәжірибе базасы кеңейеді

Студенттердің өндірістік тәжірибе базасы кеңейеді

Жұбанов университеті ҚР Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімімен серіктестік орнатты.

Кездесу барысында Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова және тәрбие және идеологиялық жұмыстағы командирдің орынбасары, подполковник Мақсат Катчибаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Подполковник Мақсат Катчибаев бұл ынтымақтастық аясында болашақ психолог мамандардың біліктілігін арттыруға және әскери бөлімнің базасынан өндірістік тәжірибеден өтуге үлкен мүмкіндіктер берілетінін атап өтті.

Тараптар ынтымақтастық аясында жүзеге асатын бірлескен іс-шараларды талқылады. Олардың қатарында студенттердің тәжірибеден өтуін ұйымдастыру, қонақ дәрісін өткізу, біліктілікті арттыру, психология мамандарын жұмысқа тарту мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.