Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар > Көшбасшылықтағы трансформация: заманауи өзгерістер, қиындықтар мен трендтер

Көшбасшылықтағы трансформация: заманауи өзгерістер, қиындықтар мен трендтер

Жұбанов университетінде ғылым айы аясында Халықаралық семинар өтті. Халықаралық жиынға оқу орнының профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Семинар барысында спикерлер бизнестегі көшбасшылық, белгісіздік жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық, туризмді дамытудағы жастардың көшбасшылығы, жастар кәсіпкерлігінің дамуына көшбасшылықтың әсері, тиімді көшбасшының 4 ережесі мәселелері төңірегінде өзекті баяндамалар жасап, қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Спикерлер қатарында Ульяновск мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Николай Ювица, Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Анджела Моттаева, ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының құрылымдық бөлімінің меңгерушісі Жанипа Курманова, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ еңбек ресурстары департаменті директорының орынбасары Татьяна Шунукова, Клайпеда университетінің профессорлары PhD Дайва Лабанаускайте және PhD Эрика Зуперкиене, Жұбанов университетінің жанындағы Конфуций институтының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Хоу Цзе, сонымен қатар жас ғылыми зерттеушілер де бар.