Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жастар саясаты > Студенттер заң өкілдерімен кездесті

Студенттер заң өкілдерімен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің заңгері Алишер Сайлыбаев және Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының аға инспекторы Алмас Жұмабаев студенттермен кездесу өткізді.Кездесуге кәсіби-шығармашылық факультетінің 700-ге жуық білім алушылары мен оқытушылары қатысты.

Жиында заң өкілдері ҚР Заңының «Жеке деректер және оларды қорғау» және ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Қасақана жалған ақпарат тарату» заңы бойынша ақпарат беріп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратудың салдары, айыппұлдар көлемі, әкімшілік жаза, дербес деректерді сақтау, ақпараттық сауаттылық, буллиң, кибербуллиң мәселелері жайында талқылады.

Заңгерлер жалған ақпарат таратудың артында қылмыстық жауапкершілік жатқанын атап өтіп, жастарды, әсіресе, әлеуметтік желілерде фейк ақпараттардан сақ болуға шақырды.