Среда, Ноябрь 21, 2018
Басты > Жаңалықтар > Академиялық ұтқырлық аясындағы дәрістер

Академиялық ұтқырлық аясындағы дәрістер

Педагогика ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценті Исламгалиева Виктория Жанабаевна академиялық ұтқырлық бағдарламасының ЖОО арасындағы ынтымақтастық аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде болып қайтты.

2018 жылдың 21 қазанынан 3 қарашасына дейін оқытушы 5В011800 — «Орыс тілі мен әдебиеті», 5В012200- «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 курс студенттеріне «Орыс тілін оқытудың әдістері», «Білім берудегі жаңашыл әдістер» пәндерінен дәріс оқып, сонымен қатар «Орыс филологиясы» кафедрасының оқытушылар құрамымен орыс тілін оқытудың заманауи сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде болған уақытында доцент Исламгалиева В.Ж. студенттердің оқу қызметін белсендіруге бағытталған оқытудың жаңа әдістерін қолдану арқылы сабақтарын жүргізді.

 

Эльмира ИДРИСОВА