Суббота, Май 11, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жас мамандар сайысты

Жас мамандар сайысты

Жұбанов университетінің мерейтойы қарсаңында оқытушылар мен студенттердің  қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізілуде.

Бүгін  де аталған оқу ордасының жас мамандары арасында «Quiz, please!» шарасы ұйымдастырылды.

«Quiz, please!» интеллектуалды сайысы  бірнеше турлардан тұрды, олардың бірі Жұбанов университетінің тарихы мен дамуына арналған.

Сайыста топ мүшелері тапсырма орындалу шартына байланысты белсенділік танытты.

Сайыс қорытындысында 1 орын техникалық факультетіне бұйырса, 2 орынға физика-математика факультеті мен 3 орынға филология факультеті ие болды.

Жеңімпаздарға кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтары табысталды.