Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2020 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Жұбанов  университетінің 15 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан on-line режимде мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді.

Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, білім бағдарламаларының сапасы мен жалпы білім беру қызметінің мемлекеттік стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Аккредиттеу жүргізілген білім бағдарламалары:

  • 6В01511-География-Тарих
  • 6В01601-Тарих
  • 6В02201- Тарих
  • 7М01601- Тарих
  • 7М02201- Тарих
  • 6В05401-Математика
  • 6В05301-Физика
  • 7М05401-Математика
  • 7М05301-Физика
  • 6В01508-Математика-Физика
  • 6В01510-Физика-Информатика
  • 6В01509-Математика-Информатика
  • 6В06105-Компьютерлік инженерия
  • 8D05301-Физика
  • 8D05401-Математика

Аталған рәсімді АРТА тарапынан отандық және шетелдік сарапшылар тартылған сыртқы сараптау комиссиясы жүзеге асырды.

Жұбанов университетінің ректоры, профессор Б.А.Ердембековтің кесдесуінен басталған аккредиттеу рәсімі сыртқы сарапшылардың университет проректорларымен және құрылымдық бөлімдер басшыларымен, факультет декандарымен және бітіртуші кафедралар меңгерушілерімен on-line сұхбаттасу жүргізілді.

Университеттің материалдық-техникалық базасы мен білім беру бағдарламаларын визуалды аралау деректі бейнеролик түрінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша кафедра құжаттарының стандарттарға сәйкестілігін тексеріп, сабақтарға zoom платформасы арқылы қатысты, студенттермен, магистранттармен, докторанттармен,  ПО құрамымен, түлектермен, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, олармен еркін тақырыпта on-line сұхбаттасты.

Аталған кездесулерге ПО құрамынан 28 адам, 30 білім алушы, облыстың түрлі саласынан 12 жұмыс беруші мен аккредиттелетін мамандықтардың 18 түлегі қатысты. Оn-line сұхбат барысында жұмыс тобы тарапынан берілген сұрақтарға барлық қатысушылар қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Сарапшылар сұхбаттасу нәтижесінде қатысушылардың бұл үдеріске үлкен жауапкершілікпен қарағандарына ризашылығын білдіріп, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс тиісті деңгейде екендігін атап көрсетті.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сарапшылар аккредиттелетін білім бағдарламаларының келесі практика базалары мен кафедралардың өндірістегі филиалдарын on-line түрде көрді: Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Новый орта мектебі, Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Сбербанк» АҚ ЕБ филиалы, Ақтөбе политехникалық колледжі, КММ қалалық техникалық шығармашылық орталығы.

Бағалау нәтижесінде сарапшылар тобы университет басшысы мен құрылымдық бөлім басшыларымен кездесіп, аккредиттеу рәсімі аясында өткен шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, алғыстарын білдірді. Мамандықтардың аккредиттелу  мерзімі алдағы уақытта өтетін АРТА Аккредиттеу кеңесінде анықталатын болады.