Четверг, Май 9, 2024
Басты > Жаңалықтар > Nobel Fest дүниежүзілік ғылым апталығын қатысты

Nobel Fest дүниежүзілік ғылым апталығын қатысты

Жұбанов университетінің басшылығы мен студенттері Nobel Fest дүниежүзілік ғылым апталығына қатысты.

айта кетейік, Қазақстанда Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлемдік сарапшылардың қатысуымен Дүниежүзілік ғылым апталығы өткізілуде.

Дүниежүзілік ғылым апталығы аясында Орталық Азиядағы екінші Нобель фестивалі, Қазақстан мен Орталық Азия университеттеріне арналған Нобель дәрістері  ұйымдастырылады.

Нобель фестивалін ұйымдастырушы – Инклюзивті Даму Қоры. Фестиваль 8 Нобель сыйлығы иегерін, 9 Breakthrough Prize лауреатын, бірқатар танымал сарапшыларды, соның ішінде Google-дің ғаламдық білім беру көшбасшысы, Ford Motors әлемдік трендтердің жетекшісі, Bloom Energy вице-президенті, сонымен қатар Джеффри Сакс, Хавьер Сала-и-Мартин және Майкл Спенс сияқты халықаралық экономистерді біріктіреді.

Фестивальдің екінші күнінің ашылу салтанатында Жұбанов университеті ректорының міндетін атқарушы, профессор Рахым Бекназаров сөз сөйлеп, қатысушыларды Nobel Fest серіктестерінің бірі болып табылатын Жұбанов университетінің тарихымен және қызметімен таныстырды.

Жұбанов университеті 86 жылдық тарихы бар,  жоғары білікті кадрлары, заманауи талаптарға жауап беретін бәсекеге қабілетті білім, ғылым, ақпараттық базасы бар батыс Қазақстанның жетекші өңірлік жоғары оқу орны.

Университет батыс өңірі және жалпы елдің инновациялық дамуын қамтамасыз ететін үш деңгейлі кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Университет өз қызметінде тұтынушыға, еңбек нарығы сұранысына бағдарланады, нормативтік-құқықтық және заңнамалық талаптарды басшылыққа алады.

Университет педагогикалық, гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы көпсалалы жоғары оқу орны ретінде дамып келеді, ол сұранысқа ие мамандықтардың үлкен таңдауын ұсынады. Бүгінгі таңда университет контингенті шамамен 15 000 білім алушыны  құрайды. Жыл сайын біздің университеттің түлектері  өңірдің ірі компанияларында жас мамандардың кадрлық құрамын қалыптастырады , — деді.

Рахым Бекназаровтың айтуынша, Жұбанов университеті ҚР Ұлттық рейтингісінінде ТОП-20 үздік жоғары оқу орындары тізіміне ілікті және 2020 жылы университет халықаралық аренада белсенді позицияға ие болды.

—          2021 жылы біз алғашқы рет QS University Rankings әлемдік рейтингіне кіріп, жаһандық рейтингте 351-ші орынға көтерілдік.  Сонымен қатар Жұбанов университеті  әлемнің үздік 108 университетінің қатарына енген қазақстандық жоғары оқу орындарының бірі және республикадағы  рейтингке қатысқан 108 көпсалалы университеттердің  арасында  23 орынға көтеріліп отыр.  

Бүгінгі таңда біз Америка, Еуропа, Азия және ТМД елдеріндегі 125-тен астам жоғары оқу орындарымен  және ғылыми орталықтармен серіктестік қарым-қатынас орнаттық.  Жыл сайын 40-тан астам шетелдік профессорлар өзара тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми жобалар мен гранттарды құру үшін университетке келеді, — деді басқарма төрағасы.

Басқарма төрағасы бұдан бөлек дуалды білім беруді одан әрі дамыту,  білім беру бағдарламаларының практикаға бағдарлануы және өзге де мәселелерді ортаға салды.

Nobel Fest сессиясына Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS аймақтық директоры Сергей Христолюбов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылығы мен Жұбанов университетінің студенттері қатысты.