Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет оқытушылары мен студенттері доктор Полин МакЛунның дәрісін тыңдады

Университет оқытушылары мен студенттері доктор Полин МакЛунның дәрісін тыңдады

Бүгін Глазго Университетінің (Шотландия) Молекулалық биология ғылымдары факультетінің оқытушысы, доктор Полин МакЛун Жұбанов университетінің профессор-оқытушылары мен студенттеріне онлайн дәріс өткізді.

Шетелдік ғалым «Теріні және жараларды емдеуге арналған фитохимиялық заттар» тақырыбында өткізілген дәрісі барысында тері ауруларын емдеудің жаңа әдістерін зерттеу, табиғи өнімдердің биологиялық қасиеттері туралы тоқталды.

Доктор Полин МакЛун фотохимиялық, фотобиологиялық ғылымдарға қатысты зерттеу журналдарындағы көптеген басылымдардың авторы (Scopus h-index 7).

Ол Орталық Азия аймағында ультракүлгін сәулеленудің әсерінен болатын денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау үшін зерттеу жүргізеді. Доктор оқытатын негізгі пәндерге молекулалық иммунология, табиғи медицина, дерматология аспектілері және биологиялық зерттеу этикасы жатады.

Айта кетейік, дәріс ағылшын тілінде өткізілді.