Пятница, Май 3, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Білім грантына өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет

Білім грантына өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сапарқожаев ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап бере отырып, грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар қажет екенін айтып берді.

«Негізінен талапкерге қатысты деректер сұралады. Атап айтқанда, мектеп бітірушінің аты-жөні, туған жылы, сертификаты және жеке басына қатысты тағы қосымша мәліметтері жүктеледі. Қажетті барлық жолақтар толтырылып, құжаттар жеткілікті болса, тапсыру батырмасын басады. Кейін талапкерге құжатының қабылданғаны туралы анықтама шығады» — деп мәлім етті Нұрбек Сапарқожаев тілші сауалына жауап бере отырып.

Айта кетейік, ертеңнен бастап Еgov.kz порталы арқылы грантқа құжат қабылдау басталады. Нұрбек Сапарқожаевтың айтуынша, грант өтініш беру 13-20 шілде аралығында жүреді.

Еске салайық, бұған дейін грантқа түсуге қанша балл жеткілікті саналатыны туралы жазып едік.

Қоса кетсек, биыл бакалавриатқа 73 мыңнан аса грант бөлініп отыр.

 

//www.inform.kz/