Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Университет ғалымы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Республика күні мерекесі қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Бұйрығымен еліміздің экономикалық-әлеуметтік және рухани-мәдени дамуына зор үлес қосқаны үшін Жұбанов университетінің профессоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Абат Шамұлы Пангереев “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.
35 жылдан астам уақыт университетімізде қызмет етіп, филология ғылымының өркендеуіне зор үлес қосып, білікті мамандар дайындауда аянбай еңбек еткен әріптесіміз, ғалым Абат Шамұлын шын жүректен құттықтаймыз!