Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ғылым, техника және білім берудегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында халықаралық семинар өтті

«Ғылым, техника және білім берудегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында халықаралық семинар өтті

Семинарға шетелдік және отандық ғалымдар, университеттің физика-математика факультетінің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Жиында Трабзон университетінің доценті Кюршат Али  Эрумит, Карадениз техникалық университетінің профессоры Васиф Набиев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Жексен Сейітбатталов, Тұран университетінің компьютерлік және бағдарламалық инженерия кафедрасының аға оқытушысы Жанна Мұқанова, Жұбанов университетінің информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Зухра Калкабаева  мазмұнды баяндама жасады.

Баяндамашылар білім жүйесін дамытуда оқытудың озық ақпараттық технологияларын меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында ақпаратты қорғаудың заманауи тәсілдері мен алгоритмдері, деректерді интеллектуалды өңдеумен жоғары жиілікті сканерлеудің бағдарламалық аппараттық жүйесін әзірлеу, виртуалды шынайылықтың білім алушылардың білім сапасына тигізетін әсері, шекаралық есептеулер негізінде деректерді алдын ала өңдеу мәселелері талқыланды.