Пятница, Май 3, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті ұжымы Құдайберген Жұбановтың рухына тағзым етті

Жұбанов университеті ұжымы Құдайберген Жұбановтың рухына тағзым етті

Бүгін Жұбанов университетінің ұжымы қазақ тіл білімі саласындағы алғашқы профессор, түркітанушы, ағартушы әрі қоғам қайраткері Құдайберген Жұбановтың туған күніне орай ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Оқу орнының басшысы Лаура Қарабасова 19 желтоқсан және 31 мамыр күні ғалымның рухына тағзым ету университеттің жылдағы дәстүріне айналғанын атап өтті.

— Қазақтың біртуар ұлы Құдайберген Жұбановтың туғанына биыл 124 жыл толып отыр. Келер жылы Жұбановтың 125 жылдығына орай республикалық деңгейде ауқымды шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Ғалымның азаматтық тұлғасын, қалдырған ғылыми мұрасының маңыздылығын атап өту — біз үшін үлкен жауапкершілік. Құдайберген Жұбановтай тұлғаның атын иеленгенімізді әркез мақтаныш тұтамыз. Осы асқақ есімді, осы имиджді биіктету үшін Ақтөбе өңірінде шектеліп қалмай, ұлттық деңгейдегі университет болуға ұмтылып отырмыз. Біздің университеттің мәртебесі артқан сайын ұлы тұлғаның да есімі асқақтай берері сөзсіз, — деді ректор.

Айта кетейік, шараға Құдайберген Жұбановтың немересі Ардақ Жұбанова да қатысты.