Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін: тың деректер және зерттеу нәтижелері

Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін: тың деректер және зерттеу нәтижелері

Жұбанов университетінде «Ақтөбе өңіріндегі кеңестік қуғын-сүргін: тың деректер және зерттеу нәтижелері» тақырыбында ғылыми конференция өтті.

Жиынға саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Жұбанов университетінің тарихшы ғалымдары қатысты.

2020 жылы ҚР Президенті Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Конференция барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның үш жыл бойы атқарылған зерттеу жұмыстары қорытындыланып, талқыланды. Сондай-ақ, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде басып шығарылған үш архивтік құжат жинағы мен екі монографияның тұсаукесері өтті.

Басқосуда ғалымдар Ақтөбе өңіріндегі қуғын-сүргінді зерттеу жұмыстарының қорытындысы, Ақтөбе өңіріндегі босқыншылдықтың себептері мен салдары, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындар, 1929-1932 жылдардағы Атырау өңіріндегі халық қозағылысы, жаңа архив деректері, соғыс тұтқындары туралы, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың орын алу себептері, Маңғыстаудағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері бойынша зерттеу жұмыстары тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.

Ғылыми жиын соңында зерттеу жұмысына белсенді араласқан ғалымдар ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, облыс әкімінің және ішкі саясат басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.