Суббота, Май 4, 2024
Басты > Жаңалықтар > Zhubanov University Ақтөбе облыстық сотымен меморандумға қол қойды

Zhubanov University Ақтөбе облыстық сотымен меморандумға қол қойды

Ақтөбе облыстық соты мен Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе өңірлік университеті  өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесуде облыстық сот төрағасы Айдар Смағұлов сот саласында жүргізіліп жатқан соңғы өзгерістер жайлы баяндады.
Оқу орнының ректоры Лаура Қарабасова Ақтөбе облыстық сотымен серіктестік орнату болашақ заң қызметкерлерін даярлауда маңызды қадам екенін айтты.

Бұл ынтымақтастық студенттерді алдын-ала сот жүйесіне кәсіптік бағдарлауға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, заңгерлердің біліктілігін арттыруға және студенттерге облыстық сот базасында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ меморандум аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамының құқықтық сауаттылығын арттыруға, сот тәжірибесін қорытындылауға бағытталған шаралар өткізіледі деп жоспарлануда.

Кездесу соңында Айдар Әскербекұлы университет жұмысына оң баға беріп, тараптар ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.