Среда, Май 8, 2024
Басты > Жастар саясаты > Филология факультеттінде жазушы Әкім Таразидің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті

Филология факультеттінде жазушы Әкім Таразидің шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті

Бүгін Жұбанов университетінің филология факультетінде «Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Әдебиет әлемінің 2кімі» атты әдеби кеш өтті. Шара белгілі жазушы Әкім Таразидың 85-жылдық мерейтойына орайластырылды. Жазушының өмір жолы мен шығармашылығы сөз болған баяндамадан соң, кеш студенттердің орындауында драматург-жазушының пьесаларының қойылымдарымен жалғасты.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази шын мәнінде ұлт мақтанышы деген атаққа лайық. Ол өз шығармашылығы арқылы тағдырын замандастарына арнаған, адам мен қоғамның бар шындығын бейнелей алған автор, қазақ әдебиетінің алтын қорына үлкен үлес қосқан жазушы.