Среда, Май 8, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 32)

Ұлы даланың Мәңгілік елі – Тәуелсіз Қазақстан

Бүгін Жұбанов университетінде еліміздің тәуелсіздік күні мерекесі «Ұлы даланың мәңгілік елі –Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына дайындалған үлкен концертпен аталып өтті. Концерт Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» жаңа бағдарламалық мақаласы желісінде сахналанған қойылыммен басталды. Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, тарихымызды жаңғырту жайы кеңінен сипатталған Елбасы еңбегіндегі жас буынды ұлттық тәрбиемен

Көбірек

Құттықтаймыз!

Физика-математика факультетінің «Есептеуіш техника жəне бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығының 1-курс студенті Байғали Мұхаммедтің Таза Look  бойынша бизнес жобасы «Атамекен» облыстық Ұлттық палатасының қаржыландыруымен өткен «Идеялар жəрмеңкесінде»  үздік болып аталды.  

Көбірек

Құттықтаймыз!

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан Ақшолақовты еске алуға арналған бокстан ХХ халықаралық турнирінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Рай Сейітжанов бірінші орынды жеңіп алды. Турнир 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында өтті. Жарысқа Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 100-ге жуық спортшы қатысты.

Көбірек

Университет ғалымы 60 жасқа толды

Бүгін Жұбанов университетінің  қабырғасында «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Ұзақбай Шаукерұлы Исмағұловтың 60 жасқа толу тойына арналған тарих факультетінің Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған облыстағы жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, БАҚ саласының өкілдері,  облыстың тарихшылары мен зиялы қауым өкілдері, белгілі ғалымдар, мерейтой иесінің

Көбірек

Кәсіби-шығармашылық факультетінің оқытушылары студенттерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтады

Бүгін Жұбанов университетінің Студенттер сарайында кәсіби-шығармашылық факультетінің профессор-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараның ашылу салтанатында сөз алған факультет деканы Сабыржан Мұхтаров студенттерді төл мерекесімен құттықтай келе, «Студенттік өмір адам өміріндегі ең қызықты, ең ұмытылмас кезеңдердің бірі. Қас қағым уақыттың ішінде

Көбірек

Құттықтаймыз!

15-18 қараша аралығында Орал қаласында кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында каратэ-до wkf (олимпиадалық түр) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионаттың нәтижесі бойынша «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс студенті Нұрқанат Әжіқанов 1 орынды иеленді. Осылайша, Нұрқанат сәуір айында, Малайзияда өтетін Азия Чемпионатына жолдама алды.    

Көбірек

Құттықтаймыз!

2018 жылдың 11 – 18 қараша  аралығында Бахрейн елінің астанасы Манама қаласындада, быйлғы жылда екі танымал  IMMAF и WMMAA  жекпе-жек ұйымдар бірігуімен аралас жекпе – жек күресінен әлем чемпионаты өтті. Осы чемпионатта 52 мемлекеттің палуандары қатысты. Қатысқандардың арасында 52,2 салмақ дәрежесінде додаласқан, Жұбанов университеті Кәсіби – шығырмашылық факультетінің 2-курс

Көбірек

Мерейлі шақ

Оқу орнының бас ғимаратындағы Қ.Жұбанов атындағы конференц-залда өткен пленарлық мәжілісте алдымен профессор Алпысбай Мұсаевқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтау хаты табысталды. Құттықтау хатты облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова табыстады. Сондай-ақ, университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков те құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне сый-сияпат жасады және конференция

Көбірек

Бүгін университет ректорына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы М.Қасымбековтың Алғыс хаты табысталды

Ақтөбе өңірінде өтіп жатқан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының  «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам»көшпелі көрме жобасының аясында өткізілген орасан зор мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-саяси маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембековке бүгін  Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының

Көбірек