Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Құттықтаулар (Страница 38)

Университет студенті спорт шебері атағын алды

Үстіміздегі жылдың ақпан айының басында Петропавл қаласында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Азамат Өтемісов қатысып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, осы жарыс нәтижесінде Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болды.

Көбірек

Жүлделі орындар — Жұбанов университеті шаңғышыларында

Ағымдағы жылдың ақпан айының 2-3 аралығында Астана қаласының 20 жылдығына арналған Шаңғы спортынан  Ақтөбе облысы чемпионаты өтті. Облыстық чемпионатқа университетіміздің спортшылары да қатысты. Жарыстың бірінші күнгі қорытындысында 15 км қашықтықта еркін жүрістен университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Самғат Салават І орынды жеңіп алса, «Дене шынықтыру және

Көбірек

Құттықтаймыз!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Балтымова Мира Рашидқызын 10.01.00 – Әдебиеттану мамандығы бойынша Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен құттықтаймыз! Құрметті Мира Рашидқызы! Факультет ұжымы Сізге зор шығармашылық табыс тілейді. Әлі де алар асуларыңыз көп болсын!

Көбірек

Ардагер ұстаздардың мерейтойы

Экономика ғылымының жілігін шағып майын ішкен қос ардагер ұстаз 70 жасқа толды. Құдайберген Жұбанов университетінің профессорлық - оқытушы құрамы экономика ғылымдарының кандидаттары Жұмабай Атаниязов пен Мақсат Исмағұловты мерейтойларымен құттықтады. Екеуі де іргелі оқу ордасында жиырма жылдан астам уақыт еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиеледі. Олардан тәлім алғандар бүгінде еліміздің түпкір түпкірінде

Көбірек

2017 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» анықталды

  Жыл сайын еліміздегі ЖОО профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы биылғы жылы да үздіктерді анықтады. Аталмыш байқаудың үздіктері қатарынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары да көрініп отыр. Атап айтар болсақ, педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жусупова Жанна Азатқызы, жаратылыстану факультетінің деканы, PhD

Көбірек

Құрметті ақтөбеліктер! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді жарқын және қуанышты Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл қасиетті күн адамдар арасындағы мейірімділікті, кешірімділікті, шыдамдылық  пен сүйіспеншілікті бейнелеп, жаңа өмірдің басталғанын сипаттайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық конфессияаралық саясатының арқасында біздің халықтарымыздың бірлігі мен дәстүрлі мәдени құндылықтары сақталып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда келісім мен тұрақтылық нығайып келеді. Ақтөбе облысында қазіргі шақта

Көбірек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын мереке гуманизмнің, рақымдылықтың, мейірімділіктің, жақынына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мызғымас дәстүрі ретінде қазіргі заманның дәнекеріне айналды. Республикамыздың православ христиандары біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуына зор үлес қосып келеді. Азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ықыласпен қарау мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаларының

Көбірек

Аса құрметті Нинель Васильевна!

Сізді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар қауымы 90 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты сізді тоқсанның торабына да алып жетіпті. Ауыртпалығы мен жақсылығы қатар жүретін өмір өрісінде білім саласында абыроймен қызмет етіп, қалың жұртқа танымал үздіксіз еңбегіңіз, адамдармен тез тіл табысып, жат жұртқа да өз

Көбірек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа 2018 жылмен құттықтауы

Құрметті отандастар! Санаулы сәттерден соң біз күнтізбенің жаңа парағын ашып, 2018 жылды қарсы аламыз. Жаңа жыл – барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке. 2017 жыл Тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға толы болды. Ата заңымызға өзгеріс енгізіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін маңызды қадам жасадық. Бабалар дәстүрінен нәр алып,

Көбірек