Понедельник, Май 6, 2024
Басты > Жаңалықтар (Страница 472)

158 студент облыс әкімі стипендиясын алды

Өңірдің үздік студенттері Бердібек Сапарбаевтың атынан берілген стипендия иегері атанды. Облыс әкімінің қолынан сертификат алған жастар бұл үлкен жауапкершілік десті. Өздеріне зор үміт артылғанын сезінді. Салтанатты шара "Green Land" демалыс базасының аумағында ұйымдастырылды. Облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы бүгін ерекше форматта өтті. Қала сыртындағы демалыс аймағында ұйымдастырылды.

Көбірек

Ізгілік әліппесі

Адам өмірі сәттерден тұрады, әрбір сәт — тарих қойнауындағы қазына. Сексен жастың сеңгіріне шығып отырған әдебиеттанушы ғалым Баян Бораштың өмір жолы адамгершілік оқулығының парақтары секілді. Білім алу, шәкірт тәрбиелеу, ғылым іздеу, халқына қызмет ету жолында адалдық пен ізгілікті темірқазығына айналдырған ізгі жанның бүкіл болмысынан зиялылық сезіледі. Темір ауданының Шибұлақ ауылында қарапайым

Көбірек

Филологтар Славян жазуы мен мәдениеті күнін өткізді

24 мамыр күні Әлем халқы славян жазуының негізін қалаушы Кирилл мен Мефодиге арнап мереке өткізеді. Соған орай Жұбанов университетінің  филология факультеті де Славян жазуы мен мәдениеті күні атап өтті. Жыл сайын өткізілетін бұл шара оқытушылар мен студенттердің басын біріктірді. Мерекелік шарада «Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының доценті Гульмира Унгарбаева сөз

Көбірек

Ақтөбеде «Кемел кәсіпкер» чемпионаты өтті

"Атамекен" ҰКП, «Алматы Менеджмент Университеті» кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы, Қазақстандағы «Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы» ЗТҚ бірігіп, Eurasian Resources Group (ERG) комапаниялар тобының қолдауымен «Кемел-кәсіпкер» чемпионаты қаламызда биыл екінші мәрте өткізілді.  Оған «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері пәні оқытылатын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе политехникалық

Көбірек

Жас келіндер мектебі ашылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетінде «Жас келіндер мектебі» деген атаумен жаңа орталық ашылды. Басты мақсат — қазақ халқының ұлттық негіздегі тәрбиесін насихаттап, болашақ жас келіндерге отбасы құндылықтарын түсіндіру. Қоғамдағы ене мен келін арасындағы түсініспеушілік, ажырасу секілді бүгінгі күннің басты мәселелерінің алдын алу. Факультет жанында құрылған орталықтың ашылуына  облыс әкімі

Көбірек

Филология факультетінде ашық есік күні өтті

Бұл шара мектеп бітіруші түлектер үшін ұйымдастырылып, оған Ақтөбе гуманитарлық колледжінің, Ақтөбе "Тарлан" колледжінің және № 11 орта мектебінің  бітірушілері қатысты. Шарада филология факультетінің деканы Күлзат Садирова факультет мамандықтарының ерекшеліктерімен таныстырды. Содан соң қабылдау  комиссиясының жауапты хатшысы  Нұржан Бердыбаев сөз алып, ол мектеп бітірушілерді  оқуға  қабылдау шарттарымен таныстырды. Кездесу барысында Нұржан Махсатбайұлы

Көбірек

Бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесу өтті

Осы жылдың 14 мамыр күні Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының бас маманы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері» кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар

Көбірек

Жұбанов университеті чемпионын ұлықтады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті бүгін чемпионын қарсы алды. Финляндияның Вантаа қаласында 14-19 мамыр аралығында пауэрлифтенгтен әлем чемпионаты өткен болатын. Жерлесіміз 18 жастағы Таисия Дьяченко бұл додадан олжалы оралды. Таисия Дьяченко 105 келі зілтемірді шалқалай жатып көтеруден бірінші орын алып, әлемдік рекордты жаңартты. Таисия Дьяченко Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік

Көбірек