Воскресенье, Май 5, 2024
Басты > 2018 > Июнь (Страница 6)

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Ақтөбе қаласында соңғы жылдары халықаралық деңгейде мәдени-бұқаралық және спорт шараларын өткізу әдемі үрдіс болып қалыптасты. Мұндай мүмкіндік, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыс аймақта қанатын жылдан-жылға кең жайып келе жатқан шаһарды агломерациялық орталыққа айналдыруды міндеттеуі нәтижесінде  туды. Екіншіден, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұйымдастырушылық қабілетімен жекеменшіктік-мемлекеттік әріптестікті дамыту нәтижесінде қысқа мерзімде

Көбірек

Юмормен өрілген өмір

Құрмет Қазалының қазағы Өмірі бітпейтін жұмыстың арасында уақыт тауып, алыс-жақын аймақта тұратын тілеулес аға-інілерге хабарласып қоятынымыз бар. Сондайда ойымызға түсетін ардақты ағаларымыздың бірі — белгілі әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаев.  Біз бір топырақтанбыз. Елден шығып, әдебиеттануға бет бұрған алдымыздағы буынның өкілі. Қазақ сатирасының теоретигі Темірбек Қожаекеевтің шыңдап шығарған шәкірті.

Көбірек

Жұбанов университетінде археологиялық зертхана ашылады

Бұл жөнінде бүгін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков тарих факультетінің дала практикасында жүрген студенттерімен кездесу барысында мәлімдеді. Студенттер Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Родниковка ауылының жанындағы археологиялық қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізуде. Экспедиция басшысы Арман Бисенбаевтың айтуынша бұл жерден табылған адам қалдықтары шамамен 2500 жыл бұрын өмір сүрген сармат тайпасының тұрғындарына

Көбірек

Хабарландыру

2018 жылдың маусым айының 11-і мен 15-і аралығында күн сайын сағ. 9.30-12.20-да  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің  физика-математика факультетінде профессор Ахмет Марат Убайдуллаұлы (Түркия, Анкара қаласы, Орта-Шығыс Техникалық университеті) дәрістер оқиды. Дәрістің өтетін жері Ағ.Жұбановтар көшесі, 265; № 20 аудитория. Математика кафедрасы. Қатысамын деушілерге есік ашық!

Көбірек

Студенттерге Кореяның Тоңмён университетінде білімдерін жалғастыруға мүмкіншілік туды

Бұл жөнінде бүгін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков пен Пуссан қаласындағы Тоңмён университетінің ректоры Жанг Хонг Саб мырза арасында өткен кездесуде мәлім болды. Кездесу барысында екі ректор машина жасау мамандарын дайындау, техникалық мамандықтар, ақпараттық жүйелер саласы мамандықтары бойынша қосдипломды білім төңірегінде сөз қозғады. Тонмен университетінің ректоры Жанг Хонг Саб мырза «Кеңес үкіметі

Көбірек

Ғылым, білім, өндіріс саласындағы жаңа меморандумға қол қойылды

Бүгін Жұбанов университеті мен «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» аймақтық компаниясымен ғылым, білім, өндіріс саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойылды. Шараға «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» компаниясының аймақтық директорының орынбасары Абат Жекеев, компанияның еңбек ресурстары бөлімінің бастығы Жұлдыз Рахметова, Жұбанов университетінің бірінші проректоры Қуанышбек Шүнкеев, оқу ісі жөніндегі проректор Бибігүл Әбенова,

Көбірек

Кәсіпкерлік білім беруді дамыту

Ақтөбеде тұрғындарды бизнеске баулу, кәсіпкерлік білім беруді  дамыту қажет. Бүгін бұл туралы Алматыда өткен екінші халықаралық форумға қатысып келген ақтөбеліктер айтты. Оған 12 елден 500-ге жуық университет, колледж және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты. Толығырақ Жұлдыз Алмасқызы баяндайды: http://aktobetv.kz/kz/news/society/kesipkerlik-bilim-berudi-damytu#  

Көбірек