Суббота, Май 4, 2024
Басты > admin (Страница 61)

Форум аясындағы университет жетістігі

Жақын күндері қаламызда  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған «Ақтөбе — құтты мекен» республикалық форумы өткен болатын. Облыс басшылығының бастамасымен өткізілген бұл шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті де атсалысып,  бірқатар шаралар, кездесулер өткізді. Форум аясында университетте «ARSU» медиа орталығы, «Жұлдызды түлектер» аллеясы, «Құдайберген Жұбанов» атындағы конференц-залы,

Көбірек

Университетте мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өтті

2017 жылдың 4-6 қазан аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 10 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді. Аккредиттеу рәсімінің мақсаты – білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органы тарапынан жүргізілетін бағалау процесі. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында университеттегі

Көбірек

Ғылыми-практикалық семинар өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Педагогика және психология мамандығының 1-2 курс  магистранттарының қатысуымен «Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы - шығармашылық тұлға қалыптасуының басты шарты» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Ғылыми-практикалық семинарды педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлапара Жукенова ұйымдастырды. Педагогика және психология мамандығының 2-курс магистранттары М.А.Аманжол мен К.М.Кеншілікова баяндамаларын талдау барысында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының маңыздылығына

Көбірек

Университет ғалымы «Нұрлы жол» бағдарламасында

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әбенов Дәулет Құсайынұлы «QAZAQSTAN» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық телеарнасының "Нұрлы жол" ақпараттық-әлеуметтік бағдарламасына сұқбат берді. источник

Көбірек

Тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздары анықталды

2017 жылғы 7 қазанда  4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ұлттық ойынымыз бойынша облыстық деңгейде өткізілген сайысқа Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің «қазақ филологиясы» мамандығының 101-топ студенттері қатысып, жүлдемен оралды. Атап айтар болсақ, Гүлшат Серікова 1-орын, Жанна Жұмабекова 2-орын, Аружан Ермағамбетова мен Айнура Курбанова 3-орынға ие болды. Жеңімпаз

Көбірек

Филология факультетінде шетелден ғалым келіп дәріс оқуда

Университетіміздің филология факультетіне шетел ғалымдарын білім беру ісіне тарту мақсатында арнайы шақырылған Башқұрт мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айгуль Мухтаруллина келіп, студенттерге дәріс оқуда. Ол 2017 жылдың 9-22 қазан аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне «Дискурс талдау теориясы» және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»

Көбірек

Ашық-жарқын жүздесу

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университетінің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында белгілі тұлғалармен дәстүрлі түрде ай сайын өтетін «Сәті түскен сұқбат» кездесу кеші өтті. Кездесу Университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлына арналды. Ректормен кездесуге «Құдайберген Жұбанов»

Көбірек

1-курс студенттері арасында Спартакиада басталды

2017 жылдың 9 қазанында Жұбанов Университетінде жыл сайын дәстүрлі өткізілетін 1-курс студенттері арасындағы Спартакиада өз бастауын алды. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жайнагүл Қартбаева, Кәсіби-шығармашылық факультет деканы Сабыржан Мұхтаров, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Төлеген Ботағариев және спортклуб төрағасы  Әбілғазы Құлмағамбетов қатысты. Салтанатты рәсімде

Көбірек

Шетел тілдері факультетінің студенті жүлдемен оралды

Университетіміздің шетел тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті Диана Трайзе кәсіби шығыс жекпе-жегі Ушумен айналысып, әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, әрдайым жүлделі орындарға ие болып келеді. Ол 2008 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы бойынша юниорлар мен ересектер арасындағы Ушудан абсолютті чемпионы болып табылады. 2017 жылдың қыркүйек айының

Көбірек