Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филология факультетінде жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті

Филология факультетінде жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті

Жұбанов университетінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру мақсатында филология факультеті студенттеріне алғашқы гуманитарлық бағыттағы барлық оқулықтардың таныстырылымы (презентациясы) және кең форматта «Ғылыми жұмыстардың жазылу нормативі» тақырыбында тренинг өтті.

Шара барысында факультет бойынша ғылыми жұмыстарға жауапты ф.ғ.к., доцент БағилаМұратбек сөз сөйлеп, ғылыми бағытта ізденулеріне бірнеше ой мен тың идеялар ұсынды.  «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының» 2-курс студенті А.Бақтиярова рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 18 оқулық жөнінде түсіндіріп, таныстырды. «Ғибрат» ғылыми қоғамының мүшелері мен белсенді студенттеріміз 18 оқулықты арнайы таныстырылым үшін алдырып, көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, гуманитарлық ғылымдар магистрі,  оқытушы Айгерім Жаналықызы «Ғылыми жұмыстардың жазылу нормативі» тақырыбында тренинг өткізіп, студенттердің қызығушылығын оятты.

Қорыта келе, Ғылыми таным – заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарты. Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды.

«Ғибрат» ғылыми қоғамының жетекшісі

Амангүл Досмұхамедова