Суббота, Февраль 23, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұмыс берушілермен бас қосқан жиын

Жұмыс берушілермен бас қосқан жиын

Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультетінде жұмыс берушілермен семинар өтті.

Семинар Қазақстан Республикасының  аймақтары мен Ақтөбе облысы бойынша білікті мамандарды даярлау, білім бағдарламасы шеңберінде жұмыс берушілер ұсынған курстарды қарастырып, талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға  Ақтөбе облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері департаменті,  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы, «Лучшее решение» ЖШС, «Анвар» ЖШС,   Ақтөбе облысы бойынша кірістер департаменті,  «Сбербанк» АҚ ЕБ, «БЖЗҚ» АҚ АФ, «Технодом оператор» ЖШС, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ, «Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Жилстройсбербанк» АҚ АФ, «КазАгроФинанс» АҚ АФ, «Казахойл Актобе» ЖШС,   «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының АҚ АФ, Ақтөбе облыстық Адвокаттар алқасы, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Ақтөбе облыстық соты,  Ақтөбе облыстық прокуратурасының ардагерлер кеңесінің қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облысының Әділет департаменті, Ақтөбе облысы бойынша «Медиация даму орталығы» АҚБ, Ақтөбе облысының Нотариаттық палатасы, Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының  өкілдері арнайы қатысты.

 Семинар барысында Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Қаржы,  Есеп және аудит, Экономика, Менеджмент, Әлемдік экономика,  Құқықтану мамандықтарының  2019-2020 оқу жылына  ұсынылып отырған білім бағдарламалары талқыланып,  стейкхолдердің  өкілдері тарапынан сын-пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Семинар нәтижесінде стейкхолдердің  мамандарды даярлау бағыты, түлектердің құзіреттілік модулі, әрбір енгізілетін  жаңа пәндер  толықтай  екі  жақты  талқыланып, қарастырылды. 

Мақсат Шакибаев,   

экономика және құқық факультеті