Вторник, Июнь 2, 2020
Басты > Жастар саясаты > Болашақ кәсіпкерлерге арналған менторлық сессия

Болашақ кәсіпкерлерге арналған менторлық сессия

Инкубациялық бағдарламаның бір бағыты — менторлық мектебі. Инкубациядан өткен стартап жобалар үшін Speed ​​Dating форматында менторлық сессия ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, Жұбанов университетінде 2019 жылдың 8-9 ақпан күндері Стартап академияның инкубациясынан өту үшін «#2 Startup Fair» атауын алған студенттердің стартап-жобаларын іріктеу кезеңі өткен болатын.

Университеттің «Инновация мен кәсіпкерлікті дамыту» орталығының директоры Әсел Шетиеваның айтуынша, кәсіпкерлік саласында 3 апта бойы 12 жаңа стартап жобалар оқытылған. «Бүгінде біз осы жобалар үшін менторлық сессиясын өткізіп жатырмыз, содан кейін әрбір жас кәсіпкер өз тәлімгерін таңдай алады»,- деді ол.

 Сессияда «Пандус-Ок» ЖШС директоры Шахан Шахмаран, «Спортивный клуб Бибарс» ЖШС директоры Ерадыл Уббаниязов,«Халал» ЖШС директоры Асхат Сисен, «ЛогоРитм» педагогикалық түзету орталығының басшысы Әлия Өмірзақова, «Digi Soul» интернет-маркетинг агенттігінің негізін қалаушылары Түгелбай Қонабаев пен Асхат Уразаев, «Даулеткалиев» ЖК директорының  орынбасары Самат Байтулепов сынды  болашақ тәлімгерлер қатысты.

Жиында стартапшылар өз идеяларын ұсынып, келген кәсіпкерлерден кеңестер мен қосымша бағыттар алды.