«Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығының
қызметтеріне онлайн тапсырыс бере аласыздар!
- eARSU бағдарламасы
Play Market-тен телефонға орнатылатын дербес мобильдік қосымша
Студент қосымшаны пайдалану үшін:
— Тіркеледі (арнайы сұрақтарға жауап беріп, толтырады);
— Қажет қызмет түрін таңдап, оған тапсырыс береді;
— Құжат дайын болғанда, бағдарламада статус деңгейінде «дайын» деген белгі пайда болады;
— Құжатты келіп орталықтан алып кетеді.
- earsu телеграм бот
Бұл Телеграм әлеуметтік желісінің автоматтандырылған жүйесі.
Студент бағдарламаны пайдалану үшін:
— Телеграм жүйесіне қосылып, earsubot-қа жазылады;
— Көрсетілген мәзірден өзіне қажетті қызмет түрін таңдайды;
— Бот қойған сұрақтарға толық жауап береді;
— «Дайын» деген хабарлама келгенде, құжатын орталықтан алып кетеді;
Артықшылығы:
Студент орталыққа келіп, кезекке тұрып уақытын кетірмейді.
Құжаты толығымен дайын болғанда, орталыққа тек алып кетуге бір рет келеді.