Вторник, Март 26, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы ақтөбелік студенттермен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы ақтөбелік студенттермен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы ақтөбелік студенттермен кездесті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Бүгін түстен кейін Ақтөбе облысына келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысына келген Үкіметтің жұмыс тобы алдымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жастарымен кездесу өткізді. Жастар сарайы күрделі жөндеуден өтіп, мұнда кино залы, мәжіліс залы мен сән студиясы ашылған. Үкімет тобына жастар бірнеше сұрағы мен ұсынысын айтты. «Жастар үшін жұмыссыздық мәселесі бірінші орында тұрады. Жұмыссыздықтың алдын алу үшін өңірдегі 160-тан астам кәсіпорын өз қаржысына студенттерді оқытып жатыр. Студенттер маман атанған соң бірден жұмысқа орналасады. Мұнда екі мәселе бірден шешімін табады. Бұл өндірістегі кадр жетіспеушілігі мен жастар арасындағы жұмыссыздық. Бұл жоба Қазақстанның өзге ЖОО-ларында іске асырылса үлкен проблема шешілетін еді», — деді филология факультетінің студенті Аслан Әбуов. Сонымен қатар, кездесу кезінде Қарақалпақстаннан келіп, тегін білім алып жатқан студенттердің жайы айтылды. Қазіргі уақытта Ақтөбе университетінде 850 студент бар. Бәрі де университет есебінен білім алып жүр. Олар Білім және ғылым министрлігінен арнайы грант бөлуді сұрады.

Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы ақтөбелік студенттермен кездесті

«Жыл сайын бөлінетін мемлекеттік гранттың 2 пайызы қазақ диаспорасының балаларына берілетін еді. Қазір 4 пайызға көтерілді»,- деді ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова.

Айта кетейік, кездесу кезінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жастарға үлкен сенім артылғанын жеткізді.

«Батыс өлкеде болып жатқан дәстүрге байланысты Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Жастар жылы деп те жарияланды. Мұндағы мақсат мейрам өткізу емес, жастардың талабына жол ашып, олардың қолдан келер мүмкіндігін көрсетуге септігін тигізу. Республика бойынша жастар мәселесіне байланысты 26 миллиард теңге қарастырылып отыр. Білім басты орында болады. ЖОО-ларға Назарбаев Университеттінің стандарттары енгізіледі. Жұмыспен қамту мәселесінде «Атамекен» ҰКК-мен бірге жұмыс атқарылады. Университеттің дайындаған кадры жұмысқа орналасса, бұл да басты көрсеткіш болады. Сонымен қатар, жастар жастарға көмек көрсетуі керек», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы ақтөбелік студенттермен кездесті

Үкіметтің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған әлеуметтік блогының бірінші басшыларынан құралған жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге сапарын бастаған болатын.

Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы ақтөбелік студенттермен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет тобы ақтөбелік студенттермен кездесті