Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ректордың жылдық есеп беру кездесуі өтті

Ректордың жылдық есеп беру кездесуі өтті

Бүгін Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-ректор Лаура Қарабасова 2021-2022 оқу жылы бойынша бір жылдық атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Кездесуге университеттің Басқарма мүшелері, құрылым басшылары мен профессор-оқытушылары қатысты.

Жиында ректор 2021-2022 оқу жылындағы жұмыс қорытындыларына кеңінен тоқталып, одан әрі дамыту жоспарын жариялады.
Атап өтсек, жылдық есепте:
Кадрлық әлеуетті арттыру;
Академиялық жетілдіру;
Педагогикалық білім беруді жаңғырту;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Ғылымды қаржыландыру;
Жарияланымды арттыру;
Ғылым бойынша іс-шаралар;
Халықаралық рейтинг және ынтымақтастық;
Шетелдік ғалымдарды тарту;
Академиялық ұтқырлық;
Шет тілдер курстары;
Халықаралық гранттық жобалар;
Университеттің индустриямен интеграциясы;
Жастар саясаты;
Университет студенттерін қолдау;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
Қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым;
Жалақы және әлеуметтік қолдау;
2022-2023 оқу жылына арналған стратегиялық жоспар т.б. мәселелер қамтылды.

Ректор есепті баяндамасының екінші бөлігін жаңа оқу жылында университеттің Стратегиялық бағыттағы негізгі жоспарына арнады, проректорлар мен құрылым басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.