Суббота, Апрель 27, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов Университеті студенттері Уфа қаласында

Жұбанов Университеті студенттері Уфа қаласында

Жұбанов Университеті техникалық факультеті  «Мұнай газ ісі» мамандығының төрт студенті халықаралық академиялық ұтқырлық бойынша шетелдік серіктес жоғары оқу орны Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетіне (Башқұртстан Республикасы, Уфа қ.) 1 семестр мерзіміне білім алуға мүмкіндік алды. Уфа мұнай техникалық мемлекеттік университеті Ресей Федерациясының мұнай-газ саласындағы ірі тірек жоғары оқу орны болып табылады.

Аталмыш университетте таяу және алыс шетелден келген 41 мемлекет өкілдері білім алады. Университет халықаралық жоғары білім беру жүйесіне қосылған және Дүниежүзілік университеттер қауымдастығының мүшесі болып табылады.