Воскресенье, Декабрь 8, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұбановтар ұрпағымен өткен тағылымды кездесу

Жұбановтар ұрпағымен өткен тағылымды кездесу

Мұғалжар ауданы күндеріне орай университетіміздің мәжіліс залында Жұбанов ұрпақтарымен кездесу өтті. Кездесуге университет басшылығы өкілдері мен профессор-оқытушылық құрамы, студенттер қатысты.

 

Кездесу барысында асылдың тұяғы, филология ғылымдарының кандидаты Ардақ Жұбанова, еңбек ардагері Мариям Сейтқамалова, Жұбановтардың немере қарындастары Дариға Бекниязова мен Жанат Жәнібекова, Жұбановтардың жиен келіндері Майра Боранбаевалар сөз сөйлеп, өздерінің естеліктерімен бөлісті.

 

Сондай-ақ, кездесу барысында философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының кандидаты Болат Баймұханов дарынды тұлғалардың артына қалдырған өшпестей мол мұрасы жайында сөз қозғады.

 

Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев: «Ұлттық энциклопедияға тек ғылым докторы, профессор, академик ретінде енген Жұбановтардың санының өзі жетеу екен. Кішігірім академия десе болғандай. Ал оларға ілесіп ғылым мен өнердің осы заманғы шырқау шыңдарын бағындырған жеңімпаз жеткіншектер қаншама?!» деп айтқанындай, Жұбановтар есімі әркез халық жүрегінде сақталмақ.

 

Жиналғандар тағылымды кездесуден үлкен әсер алды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.