Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми ынтымақтастық артуда

Ғылыми ынтымақтастық артуда

Беларусь Республикасының және Қазақстан Республикасының ғылыми-білім беру консорциумының құрамындағы өңірлік жоғары оқу орындарымен бірлесіп білім беру және ғылым аймағындағы шығармашылық байланыстар нығайтылып жатыр. Байланыстар нәтижесінде Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті  мен Жұбанов университеті арасында ғылыми ынтымақтастық даму үстінде.

Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің физика-техника факультетінің деканы А.Е. Герман және электрофизикалық есептеулер лабораториясының меңгерушісі А.Ю.Лицкевич  Жұбанов университетінің «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығын 2019 жылдың маусымның 4-8 аралығында кристалдардың сәуле шығару спектрлерін тіркеу үшін СДЛ-2 автоматтырылған спектралды кешенін эксплуатацияға беріп, қолданушыларды үйрету мақсатында  іс-сапармен келді.

Іс-сапар барысында сілтілі галоидты кристалдардың бір уақытта төменгі температуралар (80 К), рентген радиациясы және бір ості серпімді деформациясы әсер еткен кезде (1% төмен) люминесценттік сипаттамаларын өлшеу бойынша бірқатар эксперименттер жүргізілді.

Сапар барысында Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің физика-техника факультетінің деканы А.Е.Герман «Aqtóbe» облыстық телеканалындағы «Біздің тарих» атты бағдарламасына қатысты.

«Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығы