Вторник, Апрель 7, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Нұрпейіс атамызға көрсетілген құрмет: Аллея ашылу салтанаты

Нұрпейіс атамызға көрсетілген құрмет: Аллея ашылу салтанаты

Ақтөбе жерінен шыққан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрпейіс Байғанинге арналып, Қ.Жұбанов университеті филология факультетінің жанынан ескерткіш ашылды, деп хабарлайды City04.kz.

  — Мен осындай қуанышты жаңалықты үлгі тұтамын. Бастама осы факультеттің қабырғасындағы арнайы Нұрпейіс атамызға ашылған кабинеттен алып, факультеттің атауы берілгеннен бөлек бүгін міне, ескерткіш ашылып жатыр.

Студенттердің қызығушылығы мен насихаттылығын оятатын осындай шара игі іс деп танимын,- деп өз пікірімен бөлісті Нұрпейіс Байғаниннің немересі Гульмира Момыновна.

 Шараға беделді қонақтар келіп, қойылған көрініс пен ән-күйді тамашалады. Ескерткіштің ашылуына қатысқандардың ішінде Қазақстанның белгілі мәдени қайраткері Еркін Құрманбеков, қоғам қайраткері, философия докторы, профессор Амангелді Айталы, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің оқытушысы Әділет Күзембаев, ақын Гүлжайнар Калдина, Гүлімай Әбішқызы және Ақтөбе облысының мәдениет басқармасының басшылары болды.
 — Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің №6 оқу ғимаратында, яғни Н.Байғанин атындағы ғимарат алдында Нұрпейіс Байғанин атындағы аллея ашылып жатыр. Бұл аллеяның негізгі ұйытқысы болып отырған университет ректоры Бауыржан Амангелдіұлы.

Қаржылық мәселелерді шешіп, университет тарапынан қолдау көрдік. Аллеяның ашылуындағы мақсаты факультетте оқитын болашақ тілші-әдебиетші мамандар біздің қазақ әдебиетінің, жыраулық әдебиетінің көрнекті өкілі, ірі туындылардың авторы Нұрпейіс Байғаниннің шығармашылығын бойына сіңіріп, таныс болу керек деп есептеймін,- деді шараның басы қасында жүрген факултет деканы Садирова Гүлзат Қаниқызы.

 Құрметті қонақтардың ішінде Нұрпейіс Байғаниннің ұлы Момын Байғанинің жұбайы Байғанина Манар әжеміз де төбе көрсетті.
 Мерекелік ашылу салтанатында факультет белсенділері өз өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарға ән-жырдан тарту жасады.