Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мектептің бесінші маусымы ашылды

Мектептің бесінші маусымы ашылды

Жұбанов университетінде «Мансап»  Ақтөбе студенттік мемлекеттік қызмет мектебінің  бесінші маусымы ашылды. Студенттер 2 кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтті, нәтижесінде 32 талапкердің 21-і  мектепке қабылданды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыста алғаш рет студенттерге арналған «Мансап» Ақтөбе студенттік  мемлекеттік қызмет мектебі 2016 жылдың наурыз айында Жұбанов университетінде алғашында пилоттық жоба ретінде ашылды.

«Мансап» мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларға мемлекеттік органнан тәжірибеден өту арқылы мемлекеттік қызметке тәжірибелік дағдылануға мүмкіндік беретін жоба. Аталған мектептің мақсаты — дарынды жастардың тәжірибелік дағдыларын өсіруге, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру арқылы мемлекеттік қызметке тарту.

Айта кетейік,  бүгінгі күні олардың 80%-ы мемлекеттік қызметтің түрлі саласында жұмыс жасап жатыр (облыстық дін істері басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, білім басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, индустриялдық-инновациялық даму басқармасы, статистика департаменті). Осылайша, 4 жыл ішінде мектепті 72 студент бітірді (2016 жылы – 22, 2017 жылы – 19, 2018 жылы – 16, 2019 жылы – 13).