Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын қолданды

Коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын қолданды

Жұбанов университеті коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Студенттердің қашықтықтан оқыту кезінде, университеттің төрт студенттік жатақханасында да кәсіби залалсыздандыру жүргізіледі. Ректорат аппаратының басшысы Ғафур Борамбаевтың айтуынша, техникалық қызметкерлер барлық жатақханаларды жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өткізді. Сондай-ақ, бұл жұмысты атқаруда мамандандырылған компаниялар да  тартылды. Сонымен қатар дезинфекция жұмыстары университеттің барлық оқу ғимараттарында да жүргізілуде.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organization) келесі қарапайым кеңестерді ұстануға шақырады:

  • Ең алдымен, қолды сабынмен немесе спирт қосылған арнайы сұйықтықпен жиі тазартып тұрған жөн;
  • Кез келген адам қоғамдық орында түшкіргенде немесе жөтелгенде аузы-мұрнын қолмен немесе орамалмен жабуы керек. Орамалды бірден қоқысқа тастап, қолды жууға кеңес береді;
  • Суық тиген, ыстығы бар және жөтеліп жүрген адаммен жақын қарым-қатынас жасамауға тырысу керек;
  • Денеңіз қызып, жөтел тиіп, дем алу қиын болған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрігерге қайда саяхаттағаныңыз туралы айтуды ұмытпаңыз;
  • Коронавирус таралған аймақтарда адам көп жиналған базарларға барған кезде жануарларды ұстамауға тырысыңыз;
  • Сондай-ақ, шикі немесе толық піспеген мал өнімдерін қолданудан бас тартқан жөн;
  •  Шикі ет, сүт өнімдері мен мал ағзасын тазартқан кезде аса абай болу керек.

Бұл қарапайым кеңестерді ұстана отырып, өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарды індеттен қорғай аласыз.