Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Хабарландырулар > Заманауи ғылымның тұлғасы бол!

Заманауи ғылымның тұлғасы бол!

British Council (Британдық Кеңес) «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп,  «Шеврон» компаниясының қолдауымен    FameLab халықаралық конкурстың форматында жас ғалымдардың Ұлттық конкурсын өткізеді. Аталған конкурс ғылыми коммуникацияның ең ірі конкурстарының бірі болып табылады және Еуропа, Азия және Африканың 20-дан аса елдерінде өткізіледі.

Конкурстың мақсаты жас талантты ғалымдарды анықтау және өздерінің ғылыми мүдделерін қоғаммен ағылшын тілінде бөлісе алатындай етіп,   олардың ғылыми коммуникация дағдыларын дамыту. Сондай-ақ конкурстың мақсаты дүние жүзі бойынша жастар арасында ғылымды дәріптеу.

Конкурстың бірінші сатысы шеңберінде Қазақстанда 10 финал қатысушысы іріктелініп алынады.  FameLab конкурсының әрбір финалға қатысушысы коммуникациялар бойынша әлемдегі атақты мамандардың бірінен Астана қ-да қарым-қатынас жасау дағдылары және көпшілік алдында сөйлеу бойынша шеберлік сабағы түріндегі кепілдендірілген жүлдеге ие болады.   Шеберлік сабағында олар қоғаммен өзара қарым-қатынаста  болудың неліктен маңызды екендігі жайлы біледі, презентацияның (таныстыру рәсімінің) және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудің баға жетпес дағдыларын меңгереді, әр түрлі ғылыми зерттеулер саласында жүрген ғалымдармен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болады.

Жалпыұлттық конкурстың жеңімпазы Челтнемде (Ұлыбритания)  өтетін дәстүрлі ғылыми фестиваліне барады және 2018 ж. жазда FameLab конкурсының халықаралық финалына қатысады.

Конкурсқа жасы 21-ден 40 -қа дейінгі технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика саласында жұмыс істейтін немесе білім алып жүрген  кез келген адам қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін 2017 жылғы 17 желтоқсанға дейін British Council www.britishcouncil.kz/ru/famelab сайтына онлайн-өтінім беру қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда, мына эл. мекенжайға хабарласуды сұраймыз:  famelab@kz.britishcouncil.org