Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Білім > Қашықтықтан оқытуға жұмылдырылған профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинары өтті

Қашықтықтан оқытуға жұмылдырылған профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинары өтті

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында «Цифрлық технологиялар орталығы» және «Оқу-әдістемелік бөлімі» біріге отырып факультеттердің оқу ісі жөніндегі декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен қашықтықтан оқытуға жұмылдырылған профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

Кіріспе сөзде орталық қызметкерлері қашықтықтан оқытуды дамытудың маңыздылығы туралы мәселеге тоқтала отырып, қазіргі таңдағы шешімін күткен өзекті бағыттарды атап өтті және цифрлық технологиялар ұтымдылығын барынша тиімді пайдалануға шақырды. Семинар барысында http://edu.arsu.kz порталының функционалдық мүмкіндіктері жайында егжей-тегжейлі мағлұматтар берілді. Оқу-әдістемелік бөлім қызметкерлері бірлесе жұмыс жасау аясында нақты ұсыныстар жасады. Қашықтықтан оқытуға тартылған оқытушыларға арналған нұсқау таратылды. Семинар соңында көкейкесті сұрақтарға жауаптар берілді.